Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Алау» оңалту орталығының ұжымы Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерейтойына орай «Ахмет Байтұрсынұлы — дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбындағы диктантқа қатысты.
Жалпықазақстандық диктант Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға құрылымдық бөлімшелер меңгерушілері, медициналық және педагогикалық қызметкерлер қатысты. Жалпы қатысушылар саны — 30 адам.
Диктант мәтінін оқыған Алматы қаласы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы «Алау» бастауыш ұйымының төрағасы Қалманбетова Кенже Ранқызы.
Баспасөз қызметі
No Comments