24.08.2022 Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Алау» оңалту орталығының ұжымы Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаты, «АМАНАТ» партиясы фракциясының мүшесі Адамбаев Сырым Жұматайұлымен кездесті.
Сондай-ақ басқосуға «АМАНАТ» партиясының Бостандық ауданы филиалының саяси кеңес бюросының мүшесі Есембаев Қайрат Байғалиұлы, Бостандық ауданы «АМАНАТ» партиясының атқарушы хатшысы Жамбылов Баймұрат Мұратханұлы қатысты.
Медициналық ұйымның бас дәрігері Шегебаева Майя Төлешқызы қонақтарды орталық қызметімен таныстырды.
Кездесу барысында балаларға арналған спорт алаңшаларын абаттандыру, балалардың қауіпсіз емшара алу, демалу жағдайларын жақсартуға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.
Айта кету керек, халық қалаулысы С. Адамбаев — 40-жылдық мерейтойын атап өткелі отырған орталық тарихындағы балалар жағдайына көңіл бөлген алғашқы депутат.
«Алау» оңалту орталығы Алматы қаласының барлық аудандарын қамти отырып, мектепке дейінгі жастағы балаларға сапалы медициналық көмек түрлерін көрсетіп келеді. Жылына 2640 бүлдіршін сауықтыру бағларламасынан өтеді.
Орталықтың іскери әріптестері — «Ана тілегі», «Бақытты отбасы» қоғамдық қорлары, Әл-Фараби ҚазҰУ, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Ұлттық ұланы, ҚР ДСМ «Алатау» республикалық балалар шипажайы, Алматы қаласы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы және басқа да ұйымдар.
2022 жыл — Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 19 қаңтардағы «Балалар жылын жариялау туралы» №780 жарлығымен Балалар жылы деп жарияланды.
«Қазақстанның жарқын болашағы өз қолымызда, яғни ел тағдырына бей-жай қарамайтын, нағыз отаншыл, ниеттес, мүдделес азаматтардың қолында. Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек» — деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 наурыздағы №148 қаулысымен бекітілген Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында «Алау» оңалту орталығы бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізді, оның ішінде балалардың денсаулығын нығайту мен тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар да бар.
Қуантарлық жәйт, депутаттар, кәсіпкерлер, «АМАНАТ» партиясының өкілдері балалар болашағына айрықша назар аудара отырып, көптеген болашақ игі істерге жан-жақты қолдау көрсетуге әзірлігін жеткізді.
No Comments