Бүгінгі таңда медициналық қызметкерлердің ең көп саны мейірбикелер болып табылады, сонымен қатар тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда медбике жұмысының сапасына байланысты.
Қазіргі уақытта мұндай кәсіптің қажеттілігі туралы дәлелдеп жатудың қажеті жоқ, ол кез — келген елде денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегіне айналған.
15 сәуірде Орталықта «Халықаралық медбикелер күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті. Медбикелер арасында 2024 жылғы орталықтың «Үздік бөлімшесі» номинациясы бойынша іріктеу конкурсы өткізілді. Өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша комиссия «Үздік бөлімше» атағын 2 пост медбикелері «Аялы алақан» атты командаға беру туралы шешім қабылдады.
Біздің қымбатты қатысушыларымызға үлкен рахмет, олардың барлығы, әрине, қатты уайымдады, бірақ барлық тапсырмаларды сәтті орындады, өз кәсібі туралы білімдерін, тапқырлық пен ақылдылығын, сондай-ақ өздерінің көркемдік қасиеттерін көрсетті.
Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және мейірбике мамандығының беделін арттыру мақсатында, орта медициналық білімі бар мамандар арасында аудандық кәсіби шеберлік «Үздік медбике» байқауы атағына, «Алау» орталығынан Тұрсынбаева Сандуғаш Ерғайыповна қатысты.
No Comments