16 маусымда Дәрігерлер күніне арналған мерекелік жиналыс болып өтті. Жиналысқа шипажайдың қызметкерлері және Бостандық ауданының әкімінің орынбасары Ағыбаев Саят Болатұлы қатысты.
Саят Болатұлы қызметкерлерді төл мерекесімен құттықтап шипажайдың бас дәрігері Молдахынова А.З. – ға Бостандық ауданының әкімі атынан мадақтау қағазын тапсырды. Бас дәрігер Молдахынова А.З. және Саят Болатұлы дәрігерлерді төл мерекесімен құттықтай отырып, «Нұр Отан» партиясы атынан және кәсіподақ комитетінен мақтау қағаздарымен үздік қызметкерлерді мараппаттады. Шипажайдың тәрбиешілері дәрігерлерді құттықтап, шағын концерттік бағдарлама көрсетті. Мереке соңында қызметкерлердің қатысуымен флэш-моб көрсетілді.
No Comments