24-наурызда ұжым қызметкерлерімен «Армысың әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекенің пердесін шипажайдың бас дәрігері А.З.Молдахынова құттықтау сөзімен ашты. Педагогика бөлімінің менгерушісі Ш.К.Юсупова «Ұлыстың ұлы күні» атты баяндамасында наурыздың тарихына шолу жасады. Мерекеде қазақ халқының әр-түрлі салт дәстүрлерін ұжым қызметкерлері көріністер арқылы көрсетті және мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
20-наурызда шипажайдағы ем алушы балалармен наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік өткізілді. Тәрбиешілер қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуді мақсат тұтты. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері балаларға насихатталды.
1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара №3 «Алау» балалар шипажайында 1 желтоқсан–Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Шипажайымыздың бас дәрігері Молдахынова А.З. мерекелік құттықтау сөзінде 2011жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сенатының Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң […]
№3 «Алау» балалар шипажайында 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25- жыл толуына арналған «Егеменді еліміз» атты мерекелік салтанатты жиын және шипажайда ем-шара алып жатқан балалардың ата –аналарының қатысуымен ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен салтанатты түрде ашылды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтудегі мақсат – елдігімізді, халықтар бірлігін нығайту және Қазақстан халқын «Мәңгілік ел» құндылығы […]