Наурыз – салт-дәстүр, береке, ырыс мерекесі
10.04.19ж «Алау» Оңалту орталығында» Ұлыстың ұлы күні —
Наурыз мерекесі тойланды. Наурыз мерекесінің тарихына арналған
баяндама жасалынды. Мереке барысында өнер сайыстар және
салт-дәстүрлер көріністері орын алды.
Бас дәрігер Молдахынова Айнур Зейнадиловна ұжым
қызметкерлерін жылы лебізбен құттықтады. Мерекеде тәрбиешілер
«Қыз ұзату» салт-дәстүрін көрсетті және әндер айтып, би билеп өз
өнерлерін ортаға салды. Мереке соңында қызметкерлер
«флешмоб» — биін тарту етті.
«Ұлыс күні ұлы кісіден бата алса, ол жылы олжалы болар» —
дегендей, мерекені Қыдыр атаның ақ батасымен аяқтадық.
Салт-дәстүрлерге, ырыс, ынтымақ, ізгілік пен жақсылыққа
бастайтын ерекше мереке – Наурыз мейрамы құтты болсын!!!