Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25-жыл толуына арналған іс-шара

№3 «Алау» балалар шипажайында 15 желтоқсанда  Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 25- жыл толуына арналған «Егеменді еліміз» атты мерекелік салтанатты жиын және шипажайда ем-шара алып жатқан балалардың ата –аналарының қатысуымен ертеңгілік өткізілді.

Ертеңгілік Қазақстан Республикасының  Әнұранын  орындаумен салтанатты түрде ашылды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтудегі мақсат – елдігімізді, халықтар бірлігін нығайту және Қазақстан халқын «Мәңгілік ел» құндылығы аясында бірлікке шақыру болып табылады. Қызметкерлердің қатысуымен өткен салтанатты жиында тәрбиеші Шулденова К.С. «Тәуелсіз елім жасай бер» атты баяндама оқыды.  Өз баяндамасында  тәуелсіздіктің қиын-қыстау өткелдерін, Елбасымыздың халықтың басына түскен ауыртпашылықты жеңілдету үшін жасаған  зор еңбектерін, Қазақстан Республикасының 25 жыл ішіндегі барлық жетістіктеріне шолу жасап, жетістіктерге қалай жеткеніміз жолындағы тарихи кезеңдерді айтып өтті.

Тәрбиешілердің көмегімен балалардың осы мерекеге сай дайындаған концерттік бағдарламасы өтті. Осы мерекеде балалар Тәуелсіздік туралы,   Отан туралы және  рәміздер туралы өлең шумақтарын айтып, әндерін шырқап, өнерлерін ортаға салды. Ата-аналардың арсынан  Еліміздің тәуелсіздік   мерекесіне  арнап балаларға сыйлықтар беруге ұсыныс  жасалды. Атап айтсақ, ем алушы бала Лапшин Женяның әкесі Вячеслав Александрович Лапшин  демеуші  болып  ем алушы еліміздің егемендігі туралы айтып, мерекемен балаларды құттықтай отырып,бүлдіршіндерге  сыйлықтар таратып балаларды қуанышқа бөледі.

Шипажайымыздың бас дәрігері Молдахынова А.З. балаларды және келген қонақтарды Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігіне  25- жыл толуымен  құттықтай отырып, еліміздің  болашақ азаматтарына, бүлдіршіндерге денсаулық тілей отырып, өз отандарын құрметтей білуге шақырды. Сонымен  қатар қызметкерлерді мерекемен құттықтай отырып, белсенді өмірлік ұстанымдарын, мейірбикелердің жоғарғы кәсіби шеберліліктерін, және тәрбиешілердің бала тәрбиесіне қосқан үлестерін атап өтті.

Педагогика бөлімінің  меңгерушісі                                                                                                   Ш.К.Юсупова   

2 комментария

  • author-hexa-bg

    A plseginaly rational answer. Good to hear from you.

  • author-hexa-bg

    I was seoirusly at DefCon 5 until I saw this post.

Enroll Your Words

To Top